«ҚАЙСАР» ПАТРИОТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БАСҚОСУЫ ӨТТІ

Бүгін «Қайсар» әскери-патриоттық жобасы аясында Шымкентте кезекті жиын өтіп, онда жастар қаламыздағы Cемей ядролық cынақ полигонының ардагерi (Ұлы Отан соғысына теңестірілген), ардагер Абдурашид Тұранқұлов және Маханбетқали Ахметовпен жүздесті.

Жиында ардагерлер өз тәжірибелерін бөлісті, жастарға кеңес берді. Патриоттық тәрбиенің жас ұрпақ үшін маңызы зор екенін айтты. Кездесу соңында жастарға ақ батасын берді.

Шымкентте бүгінде Семей ядролық полигонының 600-ден астам ардагері тұрады. Қазіргі уақытта ардагерлерге мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетіліп келеді.

Айта кетейік, «Қайсар» әскери-патриоттық жобасының мақсаты – жастар арасында әскери-патриоттық рух қалыптастыру, Отанға адал, жауапкершілігі жоғары, қайсар жастарымыздың басын бір ортаға қосу.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.