ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ КӨЛЕМІ 100 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ АРТТЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданы тұрғындарымен кездесті. Облыс әкімі өңірді дамытуда осындай кездесулердің маңыздылығына тоқталып, тұрғындармен ақылдаса отырып атқарылған жұмыстар жемісті болатынын атап өтті.
– Алдыңғы аптада ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдауында болдым. Мемлекет басшысы облысты әрі қарай дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Бүгінгі кездесуде проблемалар ашық айтылып, әділетті түрде шешу жолдарын қарастырамыз. Мақсатымыз – Президентіміз ұсынған «Әділетті қоғам» идеясы жолында шынайы еңбек ету. Түркістан облысын дамытуда сіздердің еңбектеріңіз мол. Ауданды дамыту жұмыстарын жалғастырамыз. – деді Дархан Сатыбалды.
Облыс әкімі былтырғы кездесулер нәтижесінде ел өтініші бойынша шешімін тапқан мәселелерге тоқталды. Атап айтсақ, Аққолтық елді мекенінде 75 орындық ауылдық клубтың құрылыс жұмыстарына 97 млн. теңге қарастырылып, пайдалануға берілді. Биыл Тасты ауылында 75 орындық ауылдық клубтың құрылысын жүргізу үшін бюджеттен 181 млн. теңге бөлінді.
Аққолтық елді мекенінде «Кселл» тарапынан байланыс арнасы мен интернет желісінің базалық станциясы орнатылып, интернет сапасы жақсарған. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында былтыр Созақ елді мекенінде 150 млн. теңгеге футбол алаңшасының құрылысы жүргізілген.
Тасты, Жуантөбе, Қаратау, Сызған, Құмкент, Жартытөбе ауылдары мен Қыземшек және Таукентте дәрігерлік амбулатория ғимараттарының жылыту қазандықтары жаңартылған. Аудандық орталық ауруханасына 57 млн. теңгеге реабилитациялық медициналық құрал-жабдықтар сатып алынған. Жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратына 32 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Шолаққорған ауылындағы «Ақшам» және «Наурыз» шағынаудандарының су құбыры желілерін салуға қаржы бөлінген.
Шолаққорған ауылының 16 көшесіне электр желілері жүргізіліп, 10 дана жаңа трансформатор мен 388 дана жарықтандыру шамы орнатылған.
Кездесуде тұрғындар тарапынан инфрақұрылымды жақсарту жөнінде өтініштер айтылды. Облыс әкімінің жеке қабылдауында да ұсыныстар беріліп, тұрғындардың сұрақтары тыңдалды. Дархан Амангелдіұлы әрбір өтініш назарға алынатынын жеткізді.
Былтыр Созақ ауданында өнеркәсіп өнім көлемі 519 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 100 млрд. теңгеге артты. Инвестиция көлемі 61,2 млрд. теңгені құрады. Алдағы екі жылда 475 млн. теңгеге 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 19,7 млрд. теңгеге жетті. Елді мекендердегі ішкі көшелерді жөндеу үшін бюджеттен былтыр 442 млн. теңге бөлініп, 34 шақырымды құрайтын 23 көше жөндеуден өтті. Осы жылы бюджеттен 27 шақырымды құрайтын 24 көшенің жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді. Сонымен қатар ауданда облыстық маңызы бар 5 автомобиль жолын жөндеуге осы жылы бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар жүріп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.