ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ТУРАЛЫ ЖИІ АЙТЫЛСА

Кейінгі жастар арасында Желтоқсан оқиғасы туралы білмейтіндер бар. Не үшін? Өйткені, біз бодандыққа қарсы бас көтерген     Желтоқсан оқиғасын тек Тәуелсіздік күні қарсаңында ғана сөз етеміз. Қалған 11 айда 1986 жылғы дүмпу туралы жақ ашпаймыз. Оны айтатын тек телеарналар мен жазатын газеттер. Ал қазір бәрі смартфонға үңілген.

Желтоқсан оқиғасы мен желтоқсаншыларға қатысты мәселелерді көтеріп жүрген азаматтар аз. Желтоқсаншылардың өздері де бұл мәселеде селқостық танытып жүрген сияқты. Мысалы, Шымкент қаласында Желтоқсан оқиғасына қатысты түйткілдермен тек Сәбит Исабековтің жүгіріп жүргенін көреміз. Ал Сәкеңнің өзі өзге желтоқсаншылардың өзіне көмектесіп жатқанын айтады. Мүмкін солай да шығар.

Біз сөз етіп отырған Сәбит Исабеков  жуырда Ақмола облысындағы Сандықтау ауданына бармақшы. Өзінің айтуынша, былтыр 18-қараша күні Ақмола облысы, Сандықтау ауданындағы бірнеше басшылар түсте бірге тамақтанған. Сол жерде аудан әкімі Еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысына: «Надежда Витальевна, біздің желтоқсаншылардың төлемі қашан болады?» деп сұрайды. Өз кезегінде Надежда ханым төлемнің келесі айда болатынын жеткізеді. Ал мұны естіген Лариса Ловягина: «Мы еще помогать должна им, они же террористы» деп айтқан.  Бұл істің соңы сотқа жеткен.  С.Исабеков сол сотқа қатысып, Сандықтау ауданы мен Көкшетау қаласында болған. Енді сот отырысының жалғасы 20-ақпанда өтпекші.

Лариса болса, әу баста бұл сөзі үшін фейсбукта кешірім сұраған екен. Әрі қызметінен кеткен. Яғни,  сазайын алып қойған сияқты. Ендеше, оны неге кешірмеске? Бірнәрсені езе бергеннен ештеңе  шықпайды.

Сандықтау ауданында орын алған іс жөнінде фейсбукте Алибек Алмабаев өз парақшасында  жариялаған. С.Қалдыкөзұлы өтініш жасаған соң біз Алибек Алмабаевтың парақшасындағы мақаланы көріп барып, сондағы дерек-дәйекке сүйене отырып жазбаны жазып отырмыз.  Сөз соңында жігіттер ірі болайық. «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ». Елдің тыныштығы бәрінен маңызды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.