Шымкент: Кезекті есірткі өткізуші ұсталды

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 48 жастағы кезекті есірткі өткізушіні ұстады.

«Жедел сатып алу» әдісімен оның есірткі өткізумен айналысқаны нақтыланып, тиісті дәлелдеме алынды.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғынның мекенжайын тексеру нәтижесінде жатын бөлмесінен есірткіге ұқсас заттар салынған 9 дана сіріңке қорабы тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат «кептірілген марихуана» есірткі түрі екендігі расталып, жалпы салмағы 37 грамды құрады.

Бүгінде аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты кез-келген әрекет заңмен қудаланатынын және жауапкершілікке алып келетінін ескертеді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.