ТҮРКІСТАНДА КҮТІП-БАПТАУ НЫСАНДАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ 100 ГЕКТАРҒА АРТТЫ
Түркістан қаласын көгалдандыру, абаттандыру, тазалық жұмыстары жүргізіледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға қаладағы жасыл аймақты күту жұмыстарында қолданылатын құрал-жабдықтар мен арнайы техникалар таныстырылды. Түркістанда күтіп-баптау нысандарының көлемі былтырғыдан 100 гектарға артты. 258 нысанды күтуге қосымша тағы 50 техника алынды.
Қазіргі таңда облыс орталығының жасыл желегінде 25 түрлі 200 дана техника қолданылады. Қалада 318 гектарға орналасқан 32 саябақ, 59 гектарда орналасқан 32 гүлзар, жалпы күтіп бапталатын 258 нысан бар. Көгал аумағы 2 620 000 шаршы метрге, ағаш 925 507-ге, бұталар 370 856-ға жетті. Облыс әкіміне күту жұмыстарының ерекшеліктері мен технологиясы, күтіп-баптауда қолданылатын химиялық жəне органикалық тыңайтқыштар мен препараттар, оларды қолдану əдіс-тəсілдері баяндалды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі