ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА 31 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы бойынша «Дені сау ұлт әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында ауылдық елді мекендерде медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар бойынша былтыр 11 медициналық пункт салу жоспарланып, барлығы пайдалануға берілді. Өңірдің денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрғалығымен өткен апталық аппарат отырысында талқыланды.
– Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар жүйелі әрі жоспарға сай атқарылуы тиіс. Ауыл-аймақтарда да сапалы медициналық көмек қолжетімді болғаны жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан жұртшылығымен кездесуде Сарыағаш ауданында перзентханасы бар медициналық кешен салуды тапсырды. Осы және өзге де жобаларды талапқа сай жүзеге асыру қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, ауылдық жерлерде және шалғай елді-мекендерде тұратын халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтер үшін Түркістан облысында 13 жылжымалы кешен арқылы медициналық көмек көрсетіледі. Жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерімен жоспарланған халық саны – 317 667, орындалуы – 450 398 адам. Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту мақсатында жүкті әйелдерді босануға дейінгі жеке және салааралық бақылаумен қамтуды ұлғайту жоспары 81% болса, ол көрсеткіш 85,48% құрап, артығымен орындалған.
– 2020-2022 жылдары 2020 жылы – 205 дана, 2021 жылы – 525 дана, 2022 жылы 994 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Оның ішінде 1250 реанимациялық құрал-жабдық, 103 ана мен бала денсаулығын қорғауға арналған құрал-жабдық, 64 ота жасауға арналған жабдық, 36 диагностикалық-лабораториялық жабдықтар сатып алынған. 2022 жылы 31 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 29 ауылда 1 емхана, 1 жедел медициналық көмек станциясы, 5 дәрігерлік амбулатория, 13 ФАП және 11 медициналық пункт салынды, – деді басқарма басшысы.
Шардара ауданында 150 адамды қабылдайтын, құрамында жедел жәрдем станциясымен қалалық емхана құрылысы жүргізіліп, аяқталды. Жедел жәрдем қызметін нормативке сәйкестендіріп, жүктемесін азайту мақсатында демеушілікпен (КАТКО қорынан) Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған жедел жәрдем стациясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2022 жылы Түлкібас ауданы, Састөбе кентіндегі 75 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы толық аяқталып пайдалануға тапсырылды. Қалған 4 дәрігерлік амбулатория құрылысы келесі жылдарға өтпелі.
2022 жылға 1663 маманды оқыту жоспарланып, 2426 маман оқытылды. 18 дәрігер Түркия еліне барып, біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасып келді. 2023 жылы 3046 маманның біліктілігін арттыру, алыс-жақын шет елдерде тәжірибе алмасу мақсатында мастер-класс, семинарлар өткізу жоспарлануда.
Жалпы 3 жыл ішінде 8065 медицина қызметкері білімін жетілдірді. Сондай-ақ жергілікті аудан әкімдігі тарапынан баспанамен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие берілуде. 2022 жылы 27 жас отбасыға тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттік несие берілген.
Одан бөлек, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2022 оқу жылына 72 грант резидентураға бөлінген. Ал медициналық ұйымдар есебінен 34 маман резидентурада білім алып жатыр.
2023 оқу жылына дәрігерлерді резидентурада даярлауға жергілікті бюджет есебінен тапшы медициналық мамандықтар бойынша облыс әкімінің 60 гранты бөлінді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.