Шымкент: «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз құс аулау жайттары анықталды
Шымкент қаласы аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
Мәселен, 2023 жылдың 26-ақпанында «Жабық базарға» заңсыз ауланған пайызторғайды алып келген 4 тұлға анықталып, әкімшілік шара көрілді.
Заңсыз құс аулаған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабының 1 бөлігімен (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.
Тәртіп сақшылары аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.
Айта кетейік, республика көлемінде қолға алынған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 13-наурызға дейін жалғасады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі