«AMANAT»: САЙРАМДА САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев бастаған сенімді өкілдер Сайрам ауданына арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Олар алдымен сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында Әйтеке би елді мекенінің аумағындағы «Kaspy Construktion» ЖШС ұжымымен кездесті. Ауыл шаруашылығы техникалары мен өнімдерін өндіретін кәсіпорын қызметкерлеріне партия атқарып жатқан жұмыстар таныстырылды.
— «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасы аясында соңғы 2 жылда облыста 1,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, алдағы 5 жылда 4,4 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Одан бөлек, тозығы жеткен 271 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге ықпал етпекпіз. Сонымен қатар, өткен 2 жылда облыс бойынша 65 жаңа мектепті салуға мұрындық болсақ, алдағы 5 жылда 57 жаңа мектепті салуға, 13 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлу жоспарымызда бар. Оған қоса, алдағы 5 жылда 24 медициналық нысанды салдыруға ниеттіміз, — деді Алтынсары Дүйсенбекұлы кездесу барысында.
Содан соң штаб мүшелері Сайрам ауданындағы отандық өнім шығаратын «Алтын адам» тігін фабрикасында болды.
Сайрам ауданындағы ел аналары және іскер әйелдермен жүздесті. Жиын барысында түрлі саладағы мәселелерді жою мақсатында партия тарапынан атқарылатын жұмыстар баяндалып, ауқымды жобалар түсіндірілді.
Үгіт-насихат жұмыстары аясында штаб өкілдері аудан аумағындағы «MANKENT” медициналық орталығының қызметкерлері және емделушілермен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Штаб мүшелері алдағы уақытта елімізде денсаулық сақтау саласында көптеген жобалар жүзеге асырылатынын мәлім етті.
— Облыста 2021-2022 жылдары 7 ірі инвестициялық жобалар іске асыруға ықпал еттік. Ал, алдағы 5 жылда өңірде тұрақты жұмыс орындарын көбейту және облыс экономикасын көтеру мақсатында шамамен 143 мың жаңа жұмыс орнын құратын инвестициялық жобаларды іске асыруға атсалысамыз, Оның ішінде кеңсе жиһаздарын өндіру, газобетон өндіру, тауарлық бетон конструкцияларын өндіру, цемент өндіретін химиялық зауыт, мұнай өңдеу зауыты, фосфорит өңдеу зауыты секілді ірі жобалар бар.
Ал, Жібек жолы ауылының тұрғындарымен өткен жиында партия бағдарламасы таныстырылып қана қоймай, азаматтардың талап-тілектері, ұсыныс-пікірлері де тыңдалды.
Сонымен бірге, штаб мүшесі Жандос Әзімбай сайрамдық тұрғындарға партия қолға алған «Ауыл аманаты» жобасын түсіндірді.
Айта кетсек, аталған кездесулерге штаб өкілдері Жұман Жансерік, Жандос Әзімбай, Сапарбаев Самат, Жамалбеков Нұржан, Егамбердиева Динара, Халмұрадов Шамхат қатысып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайлы баяндады. Сонымен бірге, тұрғындарды саяси науқанға белсене қатысып, «AMANAT” партиясын қолдауға шақырды.
#AMANAT2023