Шымкент: «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 15-наурызынан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Кезекті рейд барысында тәртіп сақшылары жалға берілетін пәтерлерді, саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысында тексеру жұмыстарын жүзеге асыратын болады.
Сондай-ақ, полиция қызметерлері қоғам тыныштығын күзетіп ғана қоймай, түрлі деңгейдегі қылмыстарды болдырмауға жұмыла жұмыс жасайды. Жекелеген қылмыстардың алдын-алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық тәртіптің сақталуын қатаң қадағалайды.
Айта кетейік, республика көлемінде қолға алынған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы 17-наурызға дейін жалғасады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі