Шымкент: «Жүк көліктері» іс-шарасы барысында 1000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 15-ақпанынан бастап «Жүк көліктері» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Мақсаты — қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 29 тәулігінде 990 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 17 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
Атап айтқанда:
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (Техникалық байқаудан өтпеу) – 32;
— ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі (Жүк тасымалдау қағидаларын сақтамау) – 39;
— ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кету) – 1;
— ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы (Жол белгілерімен немесе жолдын жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау) – 173;
— ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) – 411;
— өзге де құқық бұзушылықтар бойынша –310.
Қала аумағында басталған «Жүк көліктері» жедел-профилактикалық іс-шарасы 15-наурызға дейін жалғасады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі