Шымкентте 4822 авто заңдастырылды

 Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша шетелдік автокөлікті заңдастыру бойынша 9790  азамат жүгінді.

        4822 автокөлік заңдастырылды. Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлер берілді. Оның ішінде 3521-Ресей Федерациясының көлігі болса, 1098-Армения, 81-Грузия, 4-Белорусия,  8-Біріккен Ұлттар Әмірлігі, 83-Қырғызстан, 4-Литва, 20-Корея, 1-АҚШ, 2-Германия елдеріне тиесілі.

       Айта кетейік, Қазақстан азаматтары 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден акелген жеңіл автомобильдер, шағын және орта автобустар, шағын жүк көліктері, басқару рөлі оң жақта орналасқан көлік құралдарын заңдастыруына болады.

       Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдік көлік құралдарын заңдастыру алғашқы тіркеу үшін алым (200 мың теңге), техпаспорт үшін мемлекеттік баж (4 313 теңге) және мемлекеттік нөмір үшін (9 660 теңге) төлеу арқылы іске асады.

                                 Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.