Түркістан: Білім беру мекемелерінің басшылары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды
Төлеби аудандық сотының үкімімен Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Р. Аманова пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, пара бергені үшін мектеп директорлары Б.Есимбаева мен Ж.Култаева 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бөлім басшысы Р.Аманова Түркістан облысының мектептеріне мұғалімдерді жұмысқа орналастырғаны үшін Б.Есимбаева мен Ж.Култаевадан 600 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.