Шымкент: Дүкеннен тұрмыстық-химиялық заттарды ұрлаған азаматша ұсталды
Тұран аудандық полиция бөліміне белгісіз тұлға дүкеннен тұрмыстық-химиялық заттарды жасырын түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалағанын туралы арыз түсті. Келтірілген шығын көлемі 300 (үш жүз) мың теңгеден асады.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Полицейлер күдіктіні ұстап, қылмысты ашу бағытында қажетті шараларды жүзеге асырды. Тәртіп сақшылары қылмысты жасаған күдіктіні бірнеше тәулік ішінде ұстады. Ол жұмыссыз, 40 жастағы әйел азаматша болып шықты. Бұрын соңды сотты болмаған
Тергеу барысында анықталғандай, азаматша ұрлаған заттарды базарға апарып, төмен бағада сатып жіберген.
Қазіргі таңда ұсталған азаматшаның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы анықталуда. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.