Тұрғын үй басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты ұсыну қаралды

Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев және әкімнің орынбасары Нұрсадық Ергешбек Тұрғын үй басқармасының қызметкерлерімен жиын өткізді.

Іс-шара барысында ипотекалық жеңілдетілген тұрғын үйді сату үшін ұйымдастырылған конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қабылдауға қолданылған бірқатар санкцияланбаған іс-әрекеттер жасау фактілері бойынша Басқарманың жауапты лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыну қаралды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың мамандарымен бірлесіп тексеру жүргізіліп, онда ақпараттық жүйеге түскен өтінімдерге заңсыз өзгерістер енгізу фактілері анықталған.

Сонымен қатар, өнім берушіні (авторды) таңдауы, сондай-ақ жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін негіздейтін құжаттар болмаған.

Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Қалалық Антикор қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыну енгізді.

Айта кетейік, а.ж. үш айында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен мемлекеттік органдарға ҚР ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде 10 ұсыну енгізіп, 60 тәртіптік шара қолданылған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.