АБАЙ АУДАНЫНДА  ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРЕДІ

Бүгінде Абай ауданы аумағында 18 емдеу мекемесі жұмыс істейді.  Олардың  11-і жеке меншік, қалғаны мемлекеттік нысандар. 2023-2024 жылдары жеке инвесторлар Ынтымақ шағынауданының №14 емдеу орталығы филиалының және Қайнар бұлақ саяжайы мен Қайнар бұлақ тұрғын алабына емханалар құрылысын жүргізетін болады.

Аудан аумағында 2024-2025 жылдары 3 мәдени нысанның құрылысы басталады. Қазір  ауданға қарасты 6 мәдени нысан бар. Мәдениет үйлері Көкбұлақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабтарында бой көтеретін болады.

Мектеп тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарлануда.  Олардың  6-уы  2023-2024 жылдары Нұршуақтың  Достық жағы мен Ынтымақ жағында, Жаңатұрлан,  Бозарық шағын ауданындарында салынады.  2024-2025 жылдары 4 мектеп   Асар-2, Шымкент Сити,  Достық шағынаудандарында бой көтеретін болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.