ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНА ҚОСЫМША 120 ҚОҚЫС АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛУДА

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 387 контейнерлік алаңға  биылғы  жылы  тағы 120  орынға 166 контейнерлік алаң орнатылып, жалпы саны 553 алаңға көбейтілу жоспарлануда. Қазіргі таңда жабық қоқыс алаңшаларын орнату жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұрынғы алаңшалардан ерекшелігі мұндағы жабық алаңшалар тұрмыстық қатты қалдықтар ауа-райының қолайсыздығынан, қатты желден қоқыстардың ұшып кетуіне жол бермейді. Сондай-ақ, сыртқы көрінісі қала көркіне сай етіп жинақы дайындалған. Алдағы уақытта қоқыс алаңшаларына арнайы қоқыс контейнерлері қойылатын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.