ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ОРНАТЫЛУДА

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан аудан аумағында су шаю қаупі туындаған қауіпті орындарға зерделеу жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде су басу қаупін алдын алу мақсатында ауданның 5 аумағында ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде. Арық-атыздардың жалпы ұзындығы 1330 метрді құрайды. Сонымен қатар 2024 жылға «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында су жиналу қаупі бар 16 мекенжайға ирригациялар жүргізіледі. Қазір желілердің жобалау-сметалық құжаттасы әзірленуде.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.