Арулар жаппай тілін бояуға кірісті
Соңғы кездері ақылға қонымсыз әрекеттер көптеп сәнге айналуда. Смартфон арқылы түрі жан-жануарға айналған қаракөздеріміз енді жаңа сәннің етегін ұстамаса етті. Бетін бояуды аздық еткен нәзік жандылар енді тілін бояуды ермек етуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мельбурнда тұратын визажист Хасинда Вукович адам тілін жылтырақпен бояған фотосымен бөліскені сол-ақ еді, ол сәннің соңғы үлгісіне айналып шыға келді.
Енді әлем бойынша түрлі бьюти-блоггерлер жарыса тілін бояп жатыр. Олар өз денсаулығына зиян келтірмес үшін тіліне арнайы сапалы жылтырақтарды не болмаса жеуге болатын заттарды сеуіп жүр.
Дегенмен мұндай қауіпті сән үлгісіне еремін дейтіндер шашалып қалуы әбден мүмкін деп ескертеді мамандар.