СОТТАЛҒАН АЗАМАТТАР ЖАҢА ЖОБА АЯСЫНДА АРНАЙЫ ОҚУ ОҚЫП, ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАДЫ
Сотталғандар енді жаңа жоба арқылы арнайы оқу оқып, жұмыс істей алады. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Қасымбекұлы прокуратура органдарының 6 айдағы атқарған жұмыстары төңірегінде өткен баспасөз брифингінгте айтты.
«Сотталғандарды түзету – қауіпсіздік кепілі» атты Жоба аясында 30 сотталған оқып жатыр. Ал сотталғандардың 60-ы қыркүйек айынан бастап 10 айлық оқуға жіберіледі. Оқу аяқталғаннан кейін тиісті диплом, сертификаттар беріліп, жұмысқа орналастырылады. Басты мақсатымыз — сотталғандарды әлеуметтік ортаға қалыптастыруға бағытталды. Бұл жұмыстармен шектелмей сотталғандарды түзету мақсатында оларды спортқа баулу жүзеге асырылуда.
Ол үшін спорт түрлеріне қажетті құрал-жабдықтар алынды. Сондай-ақ 11 дана теннис үстелі, 22 дана ракетка мен тор, 93 дана үстел теннис добы, 4 дана волейбол торы, 16 дана волейболға арналған доп, 4 дана бадминтон сеткасы, 8 дана бадминтонға арналған ракетка, 24 дана бадминтон воланы, 3 дана армреслинг үстелі, 3 дана сақинасы бар стритбол қалқаны, 9 дана стритбол добы, 15 дана шахмат, 15 дана тоғыз құмалақ. Жазаны өтеу мекемелерінде жаппай бейнебақылау орнатылып, бақылау-өткізу режимі күшейтілді. Бейнемониторинг нәтижесінде қаскөйлік тәртіп бұзушылықтар 27% төмендеді (122-ден 89-ға)», — деді прокурор.