«ЫНТЫМАҚТАҒЫ» КӨП МӘСЕЛЕ ШЕШІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы «Ынтымақ-2» шағынауданында бірнеше игі істер атқарылуда.  Мәселен аталмыш шағынауданның  солтүстік бөлігінде көгілдір отын жүйесі жүргізілмеген болатын. Қазіргі таңда газ құбыры тартылып, тұрғындар қуану үстінде. Сонымен бірге, шағынаудандағы Әл-Фараби көшесінің екі жеріне жаяу жүргіншілер өтетін өткел істелді. Арнайы белгілер орнатылып, адамдар өтетін тұс ақ-сары бояумен боялды.

Қала берді, бұған дейін «Ынтымақ-2» шағынауданында  19-бағыттағы қоғамдық көліктердің екі-үшеуі ғана жүретін. 1-тамыздан бастап 7 автобус жолаушы тасымалдауға шықты. Қалаға орталығына қатынап жұмыс істейтін тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Алдағы уақытта «Ынтымақ-2» шағынауданындағы «Іле» көшесіне асфальт төселеді деп күтілуде. Осылай биылғы жылдың өзінде  шағынаудандағы бірнеше мәселенің шешілетін түрі бар.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.