АМАНАТТЫҚТАР ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«AMANAT» партиясы сайлауалды уәдені орындау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде. Шымкент қаласының Жол картасындағы 41-ші тармағында жыл соңына дейін 1 емхана салыну жоспарланған. Ынтымақ-2 шағын ауданындағы тәулігіне 350 келушіге арналған емхана құрылысы ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға берілмек.

Аталмыш емхананың құрылыс барысымен танысу үшін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев арнайы барды. Сондай-ақ, Шымкент қалалық партия филиалының төрағасы Б.Нарымбетов, Мәжіліс депутаты Д.Исабеков, мәслихат депутаты, қалалық фракция жетекшісі Қ.Имашев, мәслихат депутаттары Т.Балтабаев, А.Зейнетаев, қалалық партия Атқарушы хатшысының орынбасары Е.Айтбаев та құрылыс нысанында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

— Сайлауалды бағдарламада тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында жаңа нысандар салынып, халық игілігіне берілуі көзделген. Партия ең бірінші халықтың қажеттілін анықтап, соған сәйкес жүйелі жұмыс жүргізуде. Индикаторда белгіленген барлық тармақтың мерзімінде, сапалы орындалуын қадағалаймыз, — деді Е.Бейсенбаев.

Айта кетейік, Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданындағы 7000 шаршы метрді құрайтын ғимарат 100% жеке инвестордың есебінен салынуда. Жоспарға сәйкес құрылыс мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталып, қолданысқа беріледі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.