ТҮРКІСТАН ЖАРҚЫРАЙ ТҮСЕДІ
Рухани астанамыз Түркістан қаласында 7 трансформатор ауыстырылған. Сонымен бірге, бірнеше көшеде жаңа бағаналар қойылып, электр желілері тартылуда. Бұл жұмыстарды «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігі өз мамандарын пайдалана отырып атқаруда. Орнынан алынған ескі трансформаторлар 1977 жылы қойылған. Ескі трансформаторлар қуаты — 160 кВА болса, жаңа трансформаторлар қуаты 400 кВА. Демек, тұрғындарға сапалы электр энергиясы беріліп, игі іс жүзеге аспақ.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ. «Қадірменді қариялар» қоғамдық бірлестігі