ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОО ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Үшінші мегаполистегі жатақханалардың жай-күйін тексеру мақсатында «AMANAT» партиясы жанындағы қалалық «Білім беру және Денсаулық сақтау» кеңесінің төрағасы Есенбек Серкебаев, кеңес мүшесі Бауыржан Қуанышбеков, қалалық «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ердаулет Жүнісбек бастаған арнайы топ зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Осыған дейін арнайы мониторингтік топ қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 15 жатақханасында болып, тыныс-тіршілігімен танысқан еді. Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың жатақханаларының біріне барды. Аталмыш оқу ордасының жалпы алты жатақханасы бар. Студенттер үйінен орын ең әуелі шетелден келген білімгерлер үшін, көпбалалы, толық емес отбасының өкілдеріне және шалғай қалалар мен ауданнан келген жастарға беріледі.

№5 жатақхана тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған. Ас бөлмесі, жуынатын бөлме, демалыс бөлмесі, кітапхана және жаттығу залы арнайы жабдықталған. Студенттердің қолайлы жағайы үшін интернет жүйесі іске қосылып, жатақханада «ерекше» жандар үшін арнайы бөлме қарастырылған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.