ДУМАН ТАЕВ — ШЫМКЕНТТІҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысының ауысатыны бұған дейін бірнеше рет айтылған болатын. Сол сөз ақыры рас болып шықты.

29-тамыз күні Шымкент қаласында Полиция департаментіне басшы болып Думан Таев тағайындалды. Жаңа басшыны Астанадан Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың өзі келіп таныстырды.  Бүгінгі таңда Думан Ашкенұлының шені — полиция генерал-майоры.

1988 жылы ашылған еңбек кітапшасы оның әу бастан ішкі істер саласында қызмет атқарып келе жатқанынан хабар береді. Қызметін ең төменгі сатыдан бастаған ол бөлімшелер мен департамент басшылығына дейін көтерілген. Өмір жолында түрлі басшы қызметтерді атқарған Д.Ашкенұлы Ішкі істер министрлігіндегі Криминалдық полиция департаментінің де тізгінін ұстаған. Сонымен бірге, Ақмола облысындағы полиция департаментінде басшылық жасаған.

«Қазақстан жолы» сайтының ұжымы жаңа басшының қызметіне сәттілік тілейді.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.