ТҮРКІСТАН: 3 МЛН. ТОННА КӨКӨНІС ПЕН БАҚША ӨНІМДЕРІ ЖИНАЛДЫ

Түркістан облысында егістікті әртараптандырудың нәтижесінде 3 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналды. Жыл соңына дейін өнім көлемін арттыру көзделген. Биыл 360 млрд. теңгеге ауыл шауарылығы өнімдері өндірілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдан 10 мың гектарға ұлғайып 870 мың гектарға жетті.

Елімізде салынған жылыжайлардың 71 пайызы облысқа тиесілі. Жалпы көлемі 1 мың 577 гектарға жетіп, 117 мың тонна өнім өндірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың табысын арттыру бойынша облыс деңгейінде іс-шаралар кешені қабылданды. 2027 жылға дейін 500 гектарға жаңа жылыжай салу жоспарланған.

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» тәжірибесі аясында 9,5 гектарда 2 мың 411 жоба жүзеге асырылды. 241 мың тонна көкөніс өнімі жиналды. Салаға бағытталған инвестиция 1,5 есе артып, 47,7 млрд.тг. жетті. Нарықты отандық өнімдермен қамтамсыз ету мақсатында облыста 10 млрд.теңгенің 25 жобасы инвестициялық іске асырылып, 334 жұмыс орны ашылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.