Интернет-алаяқ азаматтардың сеніміне кіріп 5 миллион теңгеден астам ақша жымқырған
Абай АПБ-ның кезекші бөліміне Түркістан облысының тұрғыны жүгінді. Жас жігіт оған вацап мессенджері арқылы хабарлама келгенін айтты. Белгісіз адам өзін туған ағасы ретінде таныстырып , оның шотындағы барлық қаражатт аударуды сұраған. Кейін қолма-қол ақша түрінде қайтаруға уәде берген. Ол ағасымен кездесіп, қарызын қайтарып аламын деп ойлаған кезде, алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген.
Полицейлер арызды ҚР ҚК-нің 190 — бабы 4-тармағы 2-бөлігі «ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Шымкент ҚПД Сyberpool криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шараларды өткізу барысында күдіктінің жеке басын анықтады. Жедел уәкілдер оны мегаполистегі жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Алаяқ жас келіншек 2019 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталып, 3,5 жыл жазасын өтеген Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Сондай-ақ тергеушілер күдіктінің интернет-алаяқтықтың тағы үш дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Оның құрбаны болғандар Шымкент қаласының тұрғындары. Қазіргі таңда сот шешімімен әйел кепілге жіберілді.
Өз кезегінде Шымкент полициясы азаматтардан интернет-алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмауын, қырағы болуын және күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуін, интернет арқылы алынған ақпаратты қайта-қайта тексеруді сұрайды.