Қазақстан-Қытай шекарасында «Қалжат» заманауи кеден логистикалық орталығы ашылды

Көлік-логистика инфрақұрылымының дамуы арқасында еліміз халықаралық сауда дәлізінің басты ойыншысына айналып келеді. Оны ары қарай жетілдіру мақсатында Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы шекарасында кеден бекеттерінің физикалық инфрақұрылымын мемлекеттік-жеке серіктестік қағидатында жаңарту ісі жіті қолға алынған. Осыған орай, Қазақстан-Қытай шекарасында құны  10 млрд теңге  тұратын «Қалжат» заманауи кеден-логистикалық орталығы іске қосылды, деп хабарлайды egemen.kz.
Мамандардың айтуынша  осыған дейін «Қалжат» бекеті арқылы күніне 80 көлік өтсе, енді бұл көрсеткіш шамамен екі есеге дейін артатын  болады. Өйткені бұдан былай орталық жұмысы бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар «Астана-1» ақпараттық жүйесінің «транзит» модулі де іске қосылған. Осы жүйенің көмегімен ақпаратты берген сәттен бастап, тауарларды рәсімдеп біткенге дейінгі барлық процесстерге автоматтандырылған бақылау орнатылады. Бұл өз кезегінде отандық кәсіпкерлер мен сыртқы экономикалық әріптестер үшін қолайлы жағдай тудырмақ.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.