ФОРУМДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОҒАМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы отбасылық құндылықтар маңыздылығы. Қоғамның түрлі саласындағы әйелдер рөлі” тақырыбында Қаратау аудандық форумы өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, Қаратау ауданының әкімі Р.Мулкеманов, мәслихат депутаты Т.Балтабаев қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы өз Жолдауында да кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Осы орайда, «AMANAT» фракциясының депутаттары заң жобасын қолдап, ұсыныстарын енгізіп, оны жұмысқа алды. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісі спикері, партия төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың төрағалығымен өткен фракция отырысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасы талқыланып, қолдау тапты.

Партия филиалы жанындағы «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі аймақтық кеңестің «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Шымкент қаласында 2023 жылдың 8 айында 306 іс — шара өткізіліп, 5 876 адамды қамтыды. «Бақытты отбасы» партиялық жоба аясында «Бақытты жанұя» отбасы институтын қолдау орталықтары ашылғанын білесіздер. Орталықтың базасында тәжірбие алмасу мақсатында республика бойынша облыс, қала және ауданнан қызметкерлер келуде. Атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде.

— Бүгінде еліміздегі көптеген проблемалар отбасы институтының әлсіреуіне байланысты туындап жатқаны белгілі. «AMANAT» партиясы Отбасы құндылықтарын насихаттау мен қорғауды, жас шаңырақтардың шайқалмауына ықпал етуді – өз қызметінің негізі ретінде қарайды. Жақында партия филиалдары жанынан «Әйелдер қанаты» құрылып, өз жұмысын бастайтын болады. Бұл өз кезегінде әйелдер қауымының рөлін нығайтып, қоғамдағы түйткілді мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді деген сенімдемін, — деді Ж.Бектаева.

Президент айтқандай, Әділ Қазақстанды тек жауапты азаматтар – Адал азаматтар ғана құра алады. Бұл істің басында да «AMANAT» партиясы тұруы керек. Өйткені, елдің өркендеуін қамтамасыз ету, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, бірлік пен ұлттық рухты нығайту – баршамыздың ортақ парызымыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.