ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
“AMANAT” партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру аумақтық департаментінің инспекторы Болатбек Әйткей, Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшы орынбасары Айтбаев Ерлан Еңбекші аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары заңсыз берілген жер мәселелері, шағын аудандағы көшелерге атау беру, жекеменшік мекемелердің қызметкерлеріне үй кезегіне тұру және тағы басқа мәселелерін айтып, көмек сұрады.
Аталған мәселелер бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта тиісті мекемелерге хат жолданатынын жеткізіп, оң шешімін табатынын айтты. Сонымен қатар, қабылдауда болған азаматтар партияның арқасында көптеген мәселелерінің шешімін тапқанын айтып, партияға алғыстарын білдірді.