ТҮРКІСТАН: ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕНТАУДА ТРАКТОР ҚҰРЫСТЫРЫП ШЫҒАРМАҚ
Түркістан облысынан жұмыс сапарымен Қытай мемлекетіне барған делегаттар жергілікті ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізуде. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов бастаған делегация TOO «BNK Group LTD» компаниясының «RAGNAR», «YTO», «LUTONG» маркалы тракторлар шығаратын зауыттарына барды. Онда өндірушілермен бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыратын бірлескен зауыт салу мәселесі де қозғалды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі