ВАНДАЛИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ!

Осындай ұранмен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері вандализмнен сақтауға бағытталған республикалық ауқымды акцияны жалғастыруда.

Кешегі футболдан өткен Қазақстан премьер-лигасы ойындарынан кейін белсенді жастар футбол алаңын қоқыстантолықтай тазартты. Сондай-ақ, аталмыш акция аясында дендросаябақта тазалық жұмыстарын жүргізді.

Соңғы кезде вандализмнің орын алуы жиі кездесуде. Әлеуметтік желілерде қорықтар, табиғи саябақтар мен киелі орындарда жағымсыз көріністер орын алып жатқаны жасырын емес. Сондықтан, тарихи ескерткіштерді сақтау, саябақтарды таза ұстау мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында және туған жердің табиғаты мен тарихына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру үшін «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты республика көлемінде акция бастаған болатын.

Барлық өңірдегі жастар еліміз бойынша ескерткіштер мен саябақтарды тазартып, ретке келтіреді. «AMANAT» патиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі — кейінгі ұрпақтың игілігі үшін табиғатты сақтау. Сондықтан осы орайда партия тарапынан үнемі қадағалау мен бақылау жүргізіледі. Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, әрбіріміз жауапкершілік танытайық!

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.