БЕЙСЕН ДӘУЛЕТҰЛЫ БӘЙДІБЕККЕ БАРДЫ
Жуырда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Бәйдібек ауданына барды. Аталған өңірдегі маңызды нысандардың тыныс-тіршілігімен танысуды көздеген әкім орынбасары аудан басшысы Ерлан Нұрмахновпен бірге Қапшағай су қоймасындағы реконструкцияны көрді. Өткен жылы басталған құрылыстың уақытынан кешікпеуін мердігерге ескертті.
Келесі кезекте Ағыбет ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс басына барды. Нысанды аралап, кешенді пайдалануға беру керектігін айтты.
Бейсен Дәулетұлы мырза Майбұлақ жалпы орта мектебінде де болды. Білім ордасының біраз бөлігін жөндеуден өткізу үшін жоспарға енгізу қажеттігіне тоқталды.
Тағы бірнеше нысандарды аралаған облыс әкімінің орынбасары О.Тайманов және Н.Арапов атындағы жалпы орта мектептерінің жылу жүйелеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына назар аударды.
Мектептердің жай-күйімен танысқан әкім орынбасарының аудан тұрғындарын да қабылдап, түйткілді мәселелердің шешілуіне көңіл бөлгенін айта кету керек.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ.