Темірхан Медетбек: Білім жоғалып бара жатыр

Әзір рухани азып-тозып бара жатырмыз. Біз материалдық жағынан тоналып болдық қой, енді рухани күйіміз тоналып жатыр. Болмайтын сөзді әңгіме қыламыз. Білім жоғалып бара жатыр. Ертеде кітап ұрлап, кітапқа таласып оқитын едік. Кітап ұрлады деп айыптап жатқан адам жоқ еді.

Дін таласыңыз бар. Дәстүрлі дінімізден қашып барамыз. Діннен безген, басқа дінге қосқысы келетін адамдар қоғамды өзге сипатқа жетектеп барады. Тіліміздің жағдайы да белгілі. Мемлекеттік тіл осы түрімен қалай мемлекеттік тіл болады. Ресми тіліміз қазақ тілі болуы керек. Ата заңдағы орны айқындалмаса, онсыз ештеңе өзгермейді.  Тіл  деп зарлап отырған депутаттар қайда кетті? Жұрттан талап етеді де, бірге қатар отырған депутаттарға айта алмайды. Осыған қарның ашады.

zhasalash.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.