АЙЫППҰЛ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КАМЕРАСЫ БАР АВТОБУС

Шымкент қаласында қоғамдық көліктерге қатысты түрлі мәселелер қордаланып қалғаны жасырын емес. Бірнеше автобус  жүргізушілері өкпе-наздарын белсенді Ибрахим Әлсеркеге айтып шағымданған.

Сондықтан И. Әлсерке мырза қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбаевқа хабарласып, өзін қабылдау қажеттігін жеткізген. Н.Ергешбаев кездесуді 21-ақпан күні түс қайта ұйымдастырды. Әрі И.Әлсерке әкім орынбасарының қабылдауына қоғам жанашырлары Бегімқұл Төлентаев пен Жарқынбек Сейтінбетовті де ертіп кірді. Жүздесуге Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының орынбасары Шерзат Сүттібаев та қатысты. И.Әлсерке Н.Ергешбаевқа қоғамдық көліктерде жолкіренің 100 теңгеге көтерілмеуі керектігін айтты. Оның себебін автобустардың газбен жүретінін, ал газ құнының арзан екенін алға тартты. Әрі қоғамдық көліктер үшін сатып алынатын газ бағалары жөнінде құжаттарды көрсетті. Осыларды айтқан белсендінің ойынша мегаполистегі жолкіре 50 теңгеге түсіруге болады екен.

Ал Бегім Төлентаев өз кезегінде «ҚазТрансГаздың» Шымкенттегі филиалы өз білгенін істеп отырғанын айтты. «Себебі, газ есептегіш құралдары істемей калған азаматтарға 20 диаметрлік құбырынан тәулігіне өтетін газ кубын бір айға есептеп жібереді.  Ондай жағдайда тұрғынға салынатын айыппұл газ құнының 30 пайызынан аспау керек»  деп ашынды.

Мұнан кейін Е.Шерзат Сүттібаев қоғамдық көліктерге қатысты жаңалығымен бөлісті. Ш.Сүттібаевтің айтуынша, алдағы уақытта Шымкентке 300 автобус әкелінбек. Айыппұл үшін жұмыс істейтін бейнекамерасы бар автобустар алдырту да қарастырылмақ. Ол автобустар жолаушы тасымалдаса ішіндегі бейнекамералар жолкіре төлемегендерді түсіріп, артынша сол адамдарға айыппұл түседі.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ, Журналист

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.