Закиржан Кузиев, Сенат депутаты: Бес миллиард теңгеге салынған екі жаңа зауыт тоқтап тұр
Бірнеше қалада қыруар қаржыға салынған қоқыс өңдеу зауыттары бүгінде тоқтап тұр. Елімізде жыл сайын шамамен 4,5 млн тонна коммуналдық қалдық пайда болады. Былтыр бүкіл республикада 5,5 мыңнан астам заңсыз полигон бар екені белгілі болды. Қазір қоқыс мәселесімен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар тиісті нәтиже бермей келеді. Қауіпті және медициналық қалдықтарды кәдеге жарату және кәдеге жарату кезінде қолдаланылатын технология нормативке сай емес.
Дегенмен бұл ретте ауқымды бюджет қаржысы игеріліп жатыр. Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі Орталық Азиядағы ірі зауыттың Алматыда салынуы бірден-бір маңызды жетістік екені белгілі. Алайда, қазір, өкінішке қарай, ол жабылып қалды. Ақтөбе мен Семейде бес миллиард теңгеге салынған екі жаңа зауыт та тоқтап тұр. Экология министрлігінің қоқысты сұрыптаудағы табыс жөніндегі есебі үміт отын жағады, алайда шындықтың ауылы алыста жатыр.
Sputnik Қазақстан