Уланған сананы жаңғырту – Сіз бен бізге оңайға түспейтін түрі бар

Шынын айтуымыз керек, Тәуелсіздік алған жылдары біздің ең қасиетті құндылықтарымыз – Адалдық пен Әділдік қасақана естен шығарылды, әдейі санадан өшірілді. Соның нәтижесінде, қоғамда барлығын ақшамен, байлықпен, билікпен шешемін дейтін өркөкірек, тексіз, тәрбиесіз әлеуметтік топ пайда болды. Олар сол кездегі Мемлекет басшысының ерекше қамқорлығына бөленіп, қарапайым халықтың пікіріне пысқырмай, ойларына келгенін істеді, мемлекет байлығын талан-таражға салды. Қазіргі әділетті Қазақстанда өмір сүріп жатқан қоғамның ең түбегейлі мақсаты – осы көргенсіз де жауапсыз әлеуметтік топты жауапқа тартып, орнына қою. Осыларды көріп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасы «бәрін ақша мен шексіз билік» шешеді деген жалған түсінікпен уланды. Ал бұл уланған сананы емдеп, жаңғырту – Сіз бен бізге оңайға түспейтін түрі бар.

Мереке Құлкенов

qazaqadebieti.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.