Қандастарға Солтүстіктен жер телімдері берілуі керек!
Еліміздің Солтүстік өңіріне қоныстанатын қандастарға жер телімін беру мәселесін бәріміз қолдағанымыз дұрыс. Біріншіден, Солтүстік Қазақстан облысын білесіздер ғой, жері кең, халқы күннен-күнге азайып бара жатыр. Екіншіден, қандастар үшін қолдауымыз керек бұл мәселені. Ал, Солтүстікте адам аздығынан ауылдарымыз жабылып қалып жатыр. Өйткені, Солтүстік Қазақстан облысында 635 елді мекен бар екен, соның 125-нің халқының саны 50-ден кем. Біздің үкіметтің қаулысы бойынша жан саны 50-ден кем ауылдар жабылады. Жақында Жамбыл ауданындағы Суаткөл мен Амангелді ауылдарын жабу туралы мәселе мәслихатқа шығарылмақ. Ал, осы өңірдегі 125 ауылдың 35-інде 3-4 қана адамнан тұрады.
«Бос жатқан жер жау шақырады» дейді. Ал, сол өңірге барып жатқан қандастарға аудан әкімі «Мал ұстайтын, егін егетін жер жоқ» деп қайтарады. Қандастарымыз жер телімін алу конкурсына қатысып, оңайлықпен ала алмайтыны белгілі. Сондықтан, қандастарға конкурстан тыс жеңілдік жасалғанын біз бәріміз қолдаймыз. Келіп жатқан қандастарға конкурстан тыс шаруашылық жүргізу үшін жер телімдері берілуі керек. Шыбық шаншысаң, шынар өсетін жерге қандастарымыз ие болып, істерін жүргізуі тиіс.
Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты
jasqazaq.kz