Жауапкершілік жүктелмеген соң, әркім ойына келгенін істеді

Тәуелсіздік алғаннан бері елге 370 млрд доллар инвестиция тартылды. Осы қаражаттың 90%-ы шикізаттық секторға жұмсалды. Норвегияда да осындай жағдай орын алды. Бірақ ұлтының әлеуеті, өмір сүру сапасы бізбен салыстырғанда мүлдем басқа деңгейде. Негізінде шикізатты ел бола отырып, халықтың дәулетті өмір сүруіне ықпал етуге болады. Бізде осыған дейін түрлі индустрияландыру бағдарламалары жүзеге асырылды. Екінші Сингапур боламыз деп жаһанға жар салдық. Өзге елдердің бағдарламаларын бірінен соң бірін көшіре бастадық. Алайда бағдарламалардың орындалуына басымен жауап беретін тұлғалар болмады. Тіпті ондай премьер-министр де болған жоқ. Жауапкершілік жүктелмеген соң, әркім ойына келгенін істеді. Бөлінген ақша желге ұшты. Бізге шикізатқа тәуелді экономикадан құтылу үшін жаңа әрі тиімді экономикалық саяси-әлеуметтік жүйе құру қажет.

Мақсат Халық, экономист, GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры

turkystan.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.