Қырғызстандық 5 сүт өңдеу зауытының өнімдерін енгізуге қатысты тыйым салынды

Қазақстан Қырғызстанның сүт өнімдеріне шектеу енгізді. Өйткені, біздің елге тауар экспорттауға рұқсаты бар 15 қырғызстандық компанияның бесеуінің өнімінен санитарлық талаптар бойынша кінәрат табылыпты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жалпы көрші ел шаруаларының біздің сүт өнімдері нарығындағы үлес салмағы айына 2 мың тонна дайын өнім. Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеудің шекарадағы қарбаласқа ешқандай қатысы жоқ, Еуразиялық экономикалық одақтың санитарлық талаптарын сақтау ғана дейді.

Олжас Аусабаев, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

-Бұл шектеулердің уақыттық мерзімі жоқ. Өйткені шектеудің күші Қырғыз кәсіпорындарының және әріптестеріміздің ветеринарлық қызметінің анықталған кемшіліктерді жойып, келешекте жол бермеу мақсатында шаралар қабылданбағанша шектеулер заңды түрде енгізіліп тұрады. Саяси ешқандай астары жоқ.

 

Фото интернеттен алынды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.