МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТАПСЫРМА БЕРДІ

Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта су тасқынының алдын алу шараларына  айрықша мән беруді тапсырды.

– Көктем мезгілінде қар шығару,  өзендердің қауіпті учаскелеріндегі мұзды жару, қарғын су жүретін арналар жасау және басқа да қажетті шаралар алдын ала жүргізілуге тиіс. Жаз-күз маусымында өзендердің арналарын уақытылы тазалауды, табанын тереңдетуді және сағаларын кеңейтуді, автомобиль мен теміржолдардың бойындағы қолданыстағы су өткелдерінің қуаттылығын арттырып, жаңасын салу  қажет. Қорғаныс бөгеттері мен су жүретін каналдар салу керек. Бұл міндет Республикалық штабқа және Үкіметке жүктеледі, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент суы мол өзендердің арнасын реттеу үшін су қоймаларын салу маңызды екенін айтты. Соның арқасында көктем-жаз мезгілінде шаруашылық үшін қажетті су қорын сақтауға мүмкіндік болады.

– Табиғи және техногенді апаттардың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігіне орталық және жергілікті атқарушы органдарға бақылау жүргізу құқығын беру керек. Мұны заң жүзінде бекіту қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мемлекеттік органдардың төтенше жағдай кезіндегі бірыңғай әрекет ету алгоритмін әзірлеу қажет деп санайды. Оның пікірінше, бұл құжатта төтенше жағдай режимін жариялаудан бастап, келтірілген шығынды өтеуге және дүние-мүлікті қалпына келтіруге дейінгі барлық құзырлы органның міндеттері мен іс-қимылы нақты қамтылуы керек.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.