«Аяғы суда, өзі жаңбыр астында»: қолайсыз ауа-райындағы полицейлердің жұмысы желіде талқылануда
Шымкентте нөсер жауын кезінде қарбалас көшелерде көлік қозғалысы қиындады. Темір тұлпарлардың кейбіреуі дәл жол үстінде істен шықты.
Кептелістер мен жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін әр көше қиылысында патрульдік полиция полкінің инспекторлары қызмет атқарды. Олар қозғалысты реттеп, жолда бұзылған көліктердің жүргізушілеріне көмек көрсетті.
Әлеуметтік желіде Нұрым Жұмақ пен Арман Шаймерденовтің қызмет атқару барысындағы бейнежазбасы тарады. Жаңбырлы күні офицерлер Темірлан тас жолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысына кезекшілікке түскен.
– Жолдың ортасында бұзылып, тоқтап қалған көлікті байқаған кезде біз жол қозғалысын реттеп тұрғанбыз. Жағымсыз салдардың алдын алу үшін жедел әрекет етіп, көлік құралын жол жиегіне, яғни қауіпсіз жерге қоюға көмектестік. Біраз уақыттан кейін дәл осы жағдай тағы бір көлікпен қайталанды. Әлбетте, бұл жолы да біз жүргізушіні көмексіз қалдырмадық, — дейді патрульдік полицейлер.
Тәртіп сақшыларының жұмысы туралы бейнежазбаны TikTok қолданушысы «Жанқиярлық қызметтеріне респект. Аяғы суда, өзі жаңбыр астында жұмысын жалғастырып, қиын жағдайға түскендерге көмектесіп жүр».