«ТҮРКІСТАН-ШӘУІЛДІР» БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 55 ПАЙЫЗЫ АЯҚТАЛҒАН

Қазіргі таңда «Түркістан-Шәуілдір» бағытындағы жалпы ұзындығы 64,1 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолы толық жаңартылып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысанның жұмыстары төрт бөлікке бөлініп, іске асырылуда. Қазіргі таңда жолдың бірінші бөлігінде құрылыс жұмыстары басталу үстінде. Ал жолдың екінші бөлігінде жерді топырақпен көтеру, үшінші бөлігінде қайта құру жұмыстары 85%-ға аяқталған. Бүгінде жол белгілері мен темір қоршаулар орнатылып жатыр. Сондай-ақ, төртінші бөлікте асфальт жабындысы төселуде. Жалпы жұмыстар 55%-ға атқарылған.

Айта кетерлігі, «Түркістан-Шәуілдір» бағытының сол жақ бөлігіне көлік қозғалысы ұйымдастырылған. Ал оң жақ бөлігіне майда түйіршікті асфальт жабыны төселуде. Нысанның жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Аталған бағытта мамандар жол қозғалысы кезінде орнатылған жол белгілеріне назар аударып, жылдамдықты асырмауды сұранады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.