Ақбота Сейітмағамбет эфирде Дәуреннен жылап тұрып кешірім сұрады

Хабар арнасындағы «Тікелей эфир» бағдарламасында жан сырын ақтарған Ақбота Сейітмағамбет жеке өміріне қатысты біраз жайттың басын ашып айтты. «Дәурен екеуміз бүгінде екі бөлек тұрамыз» деген әнші эфирде бұрынғы күйеуінен жылап тұрып, кешірім сұрады, деп жазады Nur kz порталы.

«Мен асырап баққан, мені жұрттан кем қылмай, жетімдікті сездірмей өсірген апам мен бауырымды ренжіттім. Оларға алғысымды айтып, кешірім сұраймын! Баян Мақсатқызына рақметімді айтып, достарым мен бауырларымнан кешірім сұраймын! Өзімнің жолдасым Дәуренді де біраз ренжіткен шығармын, ол кісінің де жүрегі ауыратынын білемін. Ол кісіден де кешірім сұраймын! Оған әлі күнге дейін ренжімегенімді айтқым келеді«,- деді көз жасын тоқтата алмай Ақбота.

Әншінің айтуынша, Дәуреннің өзіне дейінгі әйелі алғашқыда тоқал алуға келісім бергенімен, Ақботаны көргеннен кейін ойынан айнып қалыпты.

«Бастапқы кезде жеке өміріміз жасырын болған. Дәуреннің жұбайы көпшілікке айтқысы келді ме, білмеймін. Дәурен оған екінші әйел алатынын айтқан. Кейіннен мені көрген соң, ол ойынан айнып қалды. 

Кіммен тұрсам да, басқаға тұрмысқа шықсам да, Дәуренмен болсақ та, болмасақ та өміріме жұрттың араласқанын қаламаймын. Мен тіпті осы уақытқа дейін ата–анамның жоқ екенін де жасырып келген болатынмын. Бүгін көпшілік өз сұрақтарына жауап алып, мен жайлы жазуды қойса деймін», — деді ол.

Айта кетсек, эфир барысында ағынан жарылған әнші осыдан кейін көпшілік Дәурен екеуін сынға алуын тоқтатса дейді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.