Татьяна Бурмистрованың 60 жылдық мерейтойы атап өтілді
Облыстық орыс драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің иегері,
дәстүрлі әнші, термеші Татьяна Бурмистрованың «Әйелдің жасы 18…» шығармашылық өтті.
Осы орайда, театр фойесінде «Қияға қанат қақты қанша арманым!» атты әнші өмірінен фотокөрме ұйымдастырылып, «Қоңыр дауыс» деректі фильмі көрсетілді. Фильмде әнші өмірі мен өнер жолындағы қызықты да тартысты кезеңдер бейнеленген.
Шығармашылық кеш «Мен қазақтың қызымын», «Ақ тамақ» әндері және театрландырылған қойылымдармен бастау алып, Татьяна Бурмистрова өнеріне арналған өлеңдерден поэтикалық композиция, халық әндерінен сазды ән шашулар мен «Әйелдің жасы 18…» сырласу әндер орындалды.
Қазақтың ән-термесін 30 жылдан аса уақыттан бері дəріптеп елінің сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген орыс қызы Татьяна Бурмистрова Бəйдібек ауданындағы Алғабас ауылында дүниеге келген.
Қазақ тілі мен қасиетті қос ішекті домбыраны серік еткен дарынды əншінің шығармашылық концертіне облыс әкімінің орынбасары Сəдібеков Ұласбек Сəдібекұлы қатысып, облыс басшысының құттықтауы мен сый-сияпатын табыстаса, Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Əбдірахымов «Қаланың дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыстады.
Суретті түсірген: Абылай Мейірбеков