Марат ТОҚАШБАЕВ, журналист: Қазақ тойындағы түзету керек мәселелер

 

 Жұбайыммен Алматыда бір тойға бардық. Қазақтың тойы бүгінге әлдебір қойыртпаққа айналып кеткен. Демалудың орнына әбден шаршап қайттық. Ұлттық әдет-ғұрыптарымыз бутафориялық деңгейде. Даңғаза музыка. Құлақты жарған децибилдер.

Көптен көрмеген сыйласыңмен бір-екі сөз алмасу, пікірлесу түгілі амандық-саулық сұрасу қиын. Меніңше қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі ретінде ТОЙ сипатын мүлде өзгерту қажет сияқты. Өз басым кезінде (1968 бен 1993 жж) ширек ғасырдай асаба болғаным да бар. Той мәдениетін ретке келтіру үшін жұбайым Раушан Каршалова екеуміз «Той әлемі» журналын да шығарғанбыз. Яғни қазақ тойына қатысты азды-көпті пікір айтуға қақымыз бар деп есептеймін.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақ тойында түзететін мәселелер мыналар деп есептеймін:

  1. Ешкімге жалтақтамай, ешкімнің көңіліне қарамай тойды уақытында бастау.
  2. Тойда тост айтуды тоқтату. (Тілек айтуды тойдың басында меймандарды күтіп тұрған той иелеріне келген бойда айтуға көшіру)
  3. Дастархан ысырабына жол бермеу.
  4. Дастаханға арақ-шарапты мүлде жолатпау. 60-70-тегі кісілердің арақ ішкеніне ұялатындай жағдай жасау.
  5. Тойда тек қазақтың ұлттық музыкасын пайдалану. (Орыстың тойында бірде бір қазақ әні шырқалмайды, өзбек пен чешеннің тойында бірде-бір қазақ биі биленбейді).
  6. Той үстінде үлкен адамдар өзара әңгімелесетіндей, сұқбаттасатындай мүмкіндіктер туғызу (бөлек шай бөлмесі тәрізді).
  7. Асабаларды оқытып, тәрбиелеу.

                                                                                                                                                Abai.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.