ОҚО әкімі Ж.Түймебаев арнайы насихат тобымен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев латын әліпбиін насихаттау мақсатында келген арнайы топ мүшелерімен кездесті. Топ құрамында белгілі саясаткерлер: Ерлан Саиров, Әміржан Қосанов, Талғат Қалиев және ақын Ақберен Елгезек, блогер-журналист Руслан Желдібай бар.  Кездесу барысында жаңа әліпби жайы сөз болды.   Облыс басшысы латын әліпбиінің еліміз үшін маңыздылығына тоқталды.

Кездесу аясында сөз алған белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров: «Латынға оралу – саяси қадам, оңды шешім әрі тарихи оқиға» деп пікір білдірді. Басқосқандар жаңа әліпби турасында ойларын ортаға салды.

Өкініштісі, қазір жаңа әліпбиді құптамайтындар да бар, бірі – кириллицаға үйреніп қалғандар, екіншісі – ескі әліпбиде жазылған кітаптары бар жазарман қауым. Бұдан еш қорықпауымыз қажет. Ең бастысы, саяси шешім қабылданды. Енді ары қарай оны жүзеге асыруға кіріскеніміз жөн екендігін айтты Әміржан Сағидрахманұлы.

Бұдан бөлек, Талғат Қалиев топтың түстік өңірдегі негізгі мақсатын айта келе, еліміздегі жастарға арналған орталықтардың жұмыс істеу жүйелерінің жаңарып жатқандығын жеткізді.

Кездесу соңында облыс басшысы арнайы келген қонақтарға алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тілеп, естелік сыйлықтар табыс етті.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.