Елімізде алдағы күндері тұман мен көктайғақ болады
Синоптиктер 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, елімізде алдағы күндері тұман мен көктайғақ болады.
«Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде таңғы және түнгі уақытта тұман мен көктайғақ болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, республикамыздың солтүстік жартысында қар мен кей жерлерде жел күтіледі.
Ауа температурасы нормаға жақын болады, яғни, батыс пен оңтүстікте ауа температурасы 2-5 градус арасында сақталады», — дейді «Қазгидромет» өкілдері.