Тұрсынғали Алагөзовтен жауап алынды

Продюсер Баян Есентаеваның сүйіктісі, бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовтен жауап алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл мәліметті Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек редакцияның сауалхатына берген жауабында растады. «Бұл дерек Т.Т.Алагөзовке қатысты 19.10.2017 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігі («Өзiнше билiк ету») бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Осы қылмыстық іс бойынша 17.09.1969 жылғы Алагөзов Тұрсынғали Тұрымұлынан қорғаушысы бар куәгер ретінде жауап алынды», — деп хабарлады Салтанат Әзірбек. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Түрксіб аудандық ІІБ ТБ қызметкерлерінің істің барлық мән-жайын әділ, толық әрі әржақты зерттелуін қамтамасыз етіп жатқаны айтылады. Қорытындысына сәйкес процесстік шешім қабылданатын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.