ОҚО-да мұнай ұрлап келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат — ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті мен прокуратураның бірлескен жедел-тергеу тобы «Павлодар — Шымкент» мұнай құбырынан шикізат ұрлап келген қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12 адамнан тұратын топ мүшелері өңірдің бірнеше аудандарынан құбырларды тесіп, мұнай ұрлап келген.
Белгілі болғандай, «Қазтрансойл» АҚ-ның мұнай құбырларын күзетуі тиіс «КМГ-Секьюрити» ЖШС-ның қызметкерлері қылмыстық топ құрамында болып, 10-нан аса ұрлық әрекетіне қатысқан. Осылайша топтың мүшелері жүздеген тонна мұнайды жымқырғаны анықталды. Сыбайластар ұрланған мұнай өнімдерін Шымкент қаласындағы және облыс аумағындағы асфальт-битум өңдейтін зауыттарға саудалапты.