«АДАЛ ЖАС ҰРПАҚ» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша  2017 жылға арналға кешенді жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай — Департамент) мен облыстық саз колледжі ағымдағы жылдың    23 қараша күні «Адал жас ұрпақ» атты патриоттық әндер байқауын өткізді.

 

Байқаудың басты мақсаты – музыкалық туындылар, танымал музыка арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құндылықтарын дәріптеу.
Іс-шараны Департамент өкілі Г.Мұсабекова ашып, байқау қатысушыларына департамент атынан алғыс білдірді. Ол өз сөзінде осындай дарынды, білімді жастар жемқорлықсыз Қазақстанды құратындығына кәміл сенетінін жеткізді.

Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылар алқасы байқауға қатысушылардың дауыс ырғағына, орындаушылық шеберлігіне, әннің байқау шартына сәйкестігіне, орындаушылардың сахна мәдениетіне баса назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша І — орынды студент М.Молдакерім, ІІ-орынды А.Алдабергенова иеленсе, ІІІ-орынды С.Нурасыл иеленді.
Іс-шара соңында үздік танылған жеңімпаздар мен белсене қатысқан топтар бағалы сыйлықтармен, диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.